2024 жылдың сәуір айына KASE акциялар нарығына шолу
16.05.24 12:54
/KASE, 16.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың сәуір
айына акциялар нарығына шолу ұсынады.
Сәуір айында KASE Индексінің мәні 1,3%-ға төмендеп, айдың соңына
қарай 5 011,59 тармақты құрады.
-----------------------------------------------------------
Көлемі,
млрд теңге
30 29 Δ, % Δ, % ------------
сәуірде наурызда ----- ------
c 01.01.24 сәуір наурыз
------------ -------- -------- ---- ---------- ----- ------
KASE индексі 5 011,59 5 077,84 -1,3 +19,7 11,93 11,33
-----------------------------------------------------------
Сәуір айында акциялармен сауда-саттық көлемі 21,5 млрд теңгені құрап,
наурыз айымен салыстырғанда 61,5%-ға немесе 8,2 млрд теңгеге ұлғайды.
Сәуір айында акциялардың сауда-саттығы тек қайталама нарықта өтті.
Сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі 976,5 млн теңгені, мәмілелердің
орташа тәуліктік саны – 5 866 мәмілені, бір мәміленің орташа көлемі –
166,5 мың теңгені құрады.
Сәуір айында индекстік акциялармен мәмілелер көлемі 11,9 млрд теңгені
құрады, бұл наурыз айындағы көрсеткіштен 603,5 млн теңгеге жоғары.
Сауда-саттықтың ең көп көлемі "Эйр Астана" АҚ-ның жай акцияларына –
2,0 млрд теңгеге (индекстік акциялармен сауда-саттықтың жалпы көлемінің
16,9%) тиесілі болды.
---------------------------------------------------------------------
Соңғы мәміленің бағасы, Δ, % Сауда-саттық көлемі,
акция үшін теңге млн теңге
------------------------- --------------- ----------------------
---------------
30 29 Δ, % сәуір наурыз Δ, %
сәуірде наурызда 01.01.24 бастап
---- --------- --------- ----- --------------- ------- ------- ------
CCBN 1 571,00 1 506,97 +4,2 +60,8 805,2 1 923,1 -58,1
KCEL 3 026,59 3 166,00 -4,4 +54,8 1 275,3 625,7 +103,8
HSBK 218,29 212,94 +2,5 +33,4 1 940,8 2 162,8 -10,3
KSPI 52 999,99 57 500,00 -7,8 +16,2 1 100,9 1 057,3 +4,1
KMGZ 12 999,00 12 105,00 +7,4 +12,6 1 527,1 605,1 +152,4
KZTK 35 200,00 35 500,00 -0,8 +2,0 1 109,8 143,6 +672,9
KEGC 1 492,00 1 485,00 +0,5 +0,7 966,9 664,5 +45,5
KZAP 18 300,00 18 301,11 -0,01 -0,9 871,6 737,5 +18,2
KZTO 834,00 830,00 +0,5 -3,6 317,8 349,8 -9,1
AIRA 955,51 1 062,00 -10,0 - 2 015,2 3 057,7 -34,1
---------------------------------------------------------------------
Сәуір айының қорытындысы бойынша ең үлкен өсімді мұнай-газ секторы
өкілі "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның әлемдік тауар нарықтарындағы мұнай
бағасының өсуі аясында 7,4%-ға өскен жай акциялары көрсетті.
Сәуір айындағы өсу қарқыны бойынша екінші орында бағасына 4,2%
қосқан "Банк ЦентрКредит" АҚ-ның жай акциялары орналасты. Сонымен
қатар, банк акционерлері жылдық жалпы жиналыс барысында Банктің
2023 жылғы аудиттелген жылдық есептілігін бекіту және Банктің 2023
қаржы жылы үшін жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу, ал 135,2
млрд теңге сомасындағы 2023 жылғы таза кірісті бөлінбеген пайда
шотында қалдыру туралы шешім қабылдады.
Көшбасшылар үштігін 2,5% өсіммен "Қазақстан Халық банкі" АҚ жай
акциялары жабады. Банк Казкоммерцбанкке "Қазақстандық тұрақтылық
қоры" АҚ депозиті түрінде берілген 250 млрд теңге мөлшеріндегі
мемлекеттік қолдау сомасы мерзімінен бұрын толық қайтарылғаны туралы
хабарлады. Сонымен қатар, банк "Халық Банк Қырғызстан" ААҚ
акцияларының 100% сатылғаны туралы хабарлады. 2024 жылдың 25
сәуірінде банктің акционерлері жылдық жалпы жиналыс барысында
банктің 2023 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша бір жай акцияға
25,43 теңге мөлшерінде жалпы сомасы 277,7 млрд теңгеге жай акциялар
бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады.
"KEGOC" АҚ акциялары 2024 жылғы сәуірде 0,5%-ға өсті.
"ҚазТрансОйл" АҚ-ның жай акциялары бағасына 0,5% қосылды. 2024
жылдың бірінші тоқсанында компания Ресей мұнайының транзитін Қытай
Халық Республикасына 2,5 млн тонна көлемінде, Өзбекстан
Республикасына – 75 мың тонна көлемінде жүзеге асырды. Сондай-ақ,
бірінші тоқсанда Германияға одан әрі жеткізу үшін "Адамова застава"
мұнай тапсыру пунктінің бағыты бойынша "Транснефть" ЖАҚ
магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша қазақстандық мұнайды
тасымалдау көлемі 300 мың тоннаны құрап, өткен жылдың ұқсас
кезеңіндегі көрсеткіштен 260 мың тоннаға асып түсті. Компанияның 2024
жылдың бірінші тоқсанындағы өндірістік қорытындыларына сәйкес,
компания магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша 11,4 млн
тонна мұнай тасымалдап, өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 1,0
млн тоннаға асып түсті. Сонымен қатар, Компанияның Директорлар кеңесі
акционерлердің жылдық жалпы жиналысына жалпы сомасы 25,0 млрд
теңгеге бір жай акцияға 65 теңге мөлшерінде дивидендтер төлеуді ұсынды.
Сәуір айының қорытындысы бойынша телекоммуникация секторы қызыл
аймақта болды. "Қазақтелеком" АҚ-ның жай акциялары 0,8 %, ал "Kcell"
АҚ-ның жай акциялары 4,4% жоғалтты. "Қазақтелеком" АҚ-ның 2023 жылғы
шоғырландырылған қаржылық есептілігіне сәйкес компанияның кірістері
тіркелген және мобильді байланыс сегменттеріндегі кірістердің өсуі
есебінен 2023 жылы 53,3 млрд теңге өсіп, 687,8 млрд теңгеге жетті. Бұл
ретте, компанияның 2023 жылғы таза кірісі 104,4 млрд теңгені құрады.
Қаржы секторы өкілі Kaspi.kz АҚ акциялары 7,8%-ға төмендеді. 2024
жылғы 08 сәуірде өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысы
барысында 2023 жыл үшін бір жай акцияға 850 теңге мөлшерінде
дивиденд төлеу туралы шешім қабылданды. Kaspi.kz АҚ қаржылық
нәтижелеріне сәйкес 2024 жылдың бірінші тоқсанында компанияның
табысы мен таза кірісі сәйкесінше 40% және 28% өсті.
Ең нашар динамиканы бағасынан 10,0% жоғалтқан "Эйр Астана" АҚ
акциялары көрсетті. Әуе тасымалдаушысы екінші итальяндық
авиакомпания Neos SpA-мен стратегиялық серіктестікті бастағанын
хабарлады. Сондай-ақ, компания қызметкерлерге сыйлықақы беру
аясында жай акциялар мен жаһандық депозитарлық қолхаттарды сатып
алу бағдарламасын жариялады. Бағдарламаның бірінші бөлігінде 4 786
800 акция және жаһандық депозитарлық қолхат сатып алынады.
Компанияның қаржылық және операциялық нәтижелеріне сәйкес 2024
жылдың бірінші тоқсанында табыс пен пен басқа да кірістер өткен жылдың
сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,3%-ға өсіп, 264,7 млн АҚШ долларын
құрады, EBITDAR көрсеткіші 6,9%-ға 50,0 млн АҚШ долларына дейін өсті,
ал тасымалданған жолаушылардың жалпы саны өткен жылдың бірінші
тоқсанымен салыстырғанда 18,5%-ға өсіп 1,9 млн адамды құрады.
KASE акциялар нарығы
2024 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын
капиталдандыру 30,5 трлн теңгені (69,0 млрд USD) құрады, бұл өткен
айдағы көрсеткіштен 346,2 млн теңгеге немесе 1,1%-ға төмен.
------------------------------------------------------------
30 сәуір 29 наурыз өзг. өзг., %
------------------------ --------- --------- ------- -------
Капиталдандыру, млрд KZT 30 480,39 30 826,57 -346,18 -1,1
Капиталдандыру, млн USD 69 047,63 68 786,28 +261,35 +0,4
------------------------------------------------------------
2024 жылдың 30 сәуіріндегі жағдай бойынша акциялар нарығын
капиталдандыруды есептеу үшін өкілдік тізімге енгізілген акциялар
бағасының өзгеруі:
----------------------------------------------------------------
Эмитент Баға өзгерісі / өзг., %
(соңғы мәміле күні)
------------------------ ------------------------------- -------
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық 12 999,00 12 105,00
(29.03.24) +7,4
компаниясы "ҚазМұнайГаз" (30.04.24)
(KMGZ)
"Рахат" АҚ 17 895,00 16 890,00 +6,0
(RAHT) (30.04.24) (29.03.24)
Kaspi.kz АҚ 52 999,99 57 500,00 -7,8
(KSPI) (30.04.24) (29.03.24)
"Эйр Астана" АҚ 955,51 1 062,00 -10,0
(AIRA) (30.04.24) (29.03.24)
----------------------------------------------------------------
* кестеде акциялар бағасының өзгерістері көрсетілген + / - 5 %.
[2024-05-16]