"KMF (КМФ)" микроқаржы ұйымы" ЖШС-нің KZ2P00008550 (MFKMb2)
облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE
ресми тізімінен шығарылды
16.05.24 09:30
/KASE, 16.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 16
мамырынан бастап "KMF (КМФ)" микроқаржы ұйымы" ЖШС-нің (Алматы)
KZ2P00008550 облигациялары (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық
облигациялар" санаты, MFKMb2; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 16.05.23 –
16.05.24; жылдық купон, жылдық 20,00%; 30/360) айналыс мерзімінің
аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар 2023 жылдың 03 мамырынан бастап негізгі алаңның
"коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне
енгізілген. Олармен сауда-саттық 2023 жылдың 18 мамырынан бастап
ашылды.
[2024-05-16]