/KASE, 15.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 15 мамырынан
бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын
есептеу үшін өкілдік тізімнен (KASE_BM* сериясы) "KMF (КМФ)"микроқаржы
ұйымы" ЖШС KZ2P00008550 (MFKMb2) облигацияларын олардың айналыс мерзімінің
аяқталуына байланысты алып тастады.
2024 жылдың 15 мамырынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының
өкілдік тізімі 54 атаудағы облигациялардан тұратын болады.
KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.
KASE_BMC – корпоративтік облигациялар бойынша жинақталған сыйақыны
есепке алмағанда ("таза" бағалар бойынша) олардың бағалары бойынша
есептелетін, баға индексі.
Көрсетілген индикаторды KASE корпоративтік облигациялармен сауда-
саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша
жарияланған
http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf
[2024-05-15]