14 мамырдан Қазапқстан қор биржасында The Select Sector SPDR Trust
US81369Y3080 (XLP_KZ) және US81369Y8865 (XLU_KZ) ETF бағалы
қағаздарының сауда-саттығы тоқтатылады
14.05.24 10:42
/KASE, 14.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 14 мамырынан
бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемелерінде
жүзеге асырылатын олармен жасалған репо операциялары бойынша есеп айырысу
күні 2024 жылдың 24 маусымына және одан кейінгі күндерге келетін The
Select Sector SPDR Trust (АҚШ) US81369Y3080 ("KASE Global" секторы, XLP_KZ)
және US81369Y8865 ("KASE Global" секторы, XLU_KZ) ETF бағалы қағаздарымен
KASE-де сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың
24 маусымында көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін
тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты
тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2024 жылдың 26 маусымынан
бастап қайта басталады.
[2024-05-14]