14 мамырдан бастап KASE-ДЕ Franklin FTSE United Kingdom ETF
US35473P6786 (FLGB_KZ) және State Street Global Advisors
US78462F1030 (US_SPY_) бағалы қағаздарымен сауда-саттық
тоқтатылды
14.05.24 10:40
/KASE, 14.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 14 мамырынан
бастап KASE-де есептесу күні 2024 жылдың 21 маусымына және одан кейінгі
күндерге келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдерінде
репо операциялары бойынша келесі ETF бағалы қағаздарымен сауда-саттық
тоқтатылғанын хабарлайды:
- US35473P6786 ("KASE Global" секторы, FLGB_KZ) Franklin FTSE United
Kingdom ETF (АҚШ);
- US78462F1030 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары"
секторы, US_SPY_) State Street Global Advisors (АҚШ).
Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі
құжатының 11-2 бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де
2024 жылдың 21 маусымында көрсетілген бағалы қағаздар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де аталған бағалы қағаздармен сауда-саттық 2024 жылдың 24 маусымынан
қайта басталады.
[2024-05-14]