10 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында Apple
Inc.US0378331005 (AAPL_KZ) акцияларының сауда-саттығы
тоқтатылды
10.05.24 09:23
/KASE, 10.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 10 мамырынан
бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
13 мамырына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Apple Inc. (АҚШ)
US0378331005 ("KASE Global" секторы, AAPL_KZ) жай акцияларымен KASE-де
сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 13 мамырында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 15 мамырынан
бастап қайта басталады.
[2024-05-10]