/KASE, 06.05.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана) KASE-ге 2024 жылдың
02 мамырында жарияланған акциялар санының шегінде акцияларды артықшылықты
сатып алу құқығын іске асыру арқылы бір акция үшін 96 470 теңге орналастыру
бағасы бойынша 375 500 жай акция және бір акция үшін 90 406,70 теңге
орналастыру бағасы бойынша 260 000 жай акция орналастырылғаны туралы
хабарлады.
Аталған ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_other_accidents_020524_1065.pdf
[2024-05-06]