/KASE, 06.05.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "RANGELD FINANCE" ШҚҰ ЖШС (Алматы) Биржаға
Компанияның 2023 жылға қаржылық есеп берушілігі бойынша аудиторлық
есепті берді.
2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша аудиттелген деректерге
сәйкес (егер өзгесі көрсетілмесе, мың теңгемен):
-------------------------------------------
Көрсеткіш 31.12.23 31.12.22
----------------------- --------- ---------
Меншікті капитал 837 608 697 233
Жиынтық активтер 2 217 373 2 354 968
Жиынтық міндеттемелер 1 379 765 1 657 735
Таза пайда (таза шығын) 140 375 125 982
ROA, % 6,33 5,35
ROE, % 16,76 18,07
-------------------------------------------
Компанияның 2023 жылға қаржылық есептілігінің аудитін "Baker Tilly
Qazaqstan Audit" ЖШС жүргізді. Аудиторлық қорытындыға сәйкес қаржылық
есеп берушілік 2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша
"Rangeld Finance" АҚ қаржылық жағдайын, сондай-ақ оның қаржылық
нәтижелерін және ҚЕХС-ке сәйкес көрсетілген күні аяқталған кезең үшін
ақша қаражатының қозғалысын барлық елеулі аспектілерде дұрыс
көрсетеді.
Есеп KASE интернет-сайтында жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/MFRG/mfrgf6_2023_rus.pdf
[2024-05-06]