06 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында The Coca-Cola
Company US1912161007 (KO_KZ) акцияларының сауда-саттығы
тоқтатылды
04.05.24 17:27
/KASE, 04.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 06 мамырынан
бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
14 маусымына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, The Coca-Cola
Company (АҚШ) US1912161007 ("KASE Global" секторы, (KO_KZ) жай
акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 14 маусымында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 17 маусымынан
бастап қайта басталады.
[2024-05-05]