06 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында NIKE, Inc.
US6541061031 (NKE_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды
04.05.24 17:23
/KASE, 04.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
06 мамырынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық
тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу
күні 2024 жылдың 03 маусымына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін,
NIKE, Inc. (АҚШ) US6541061031 ("KASE Global" секторы, NKE_KZ) жай
акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 03 маусымында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 05 маусымынан
бастап қайта басталады.
[2024-05-04]