/KASE, 04.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 06 мамырынан
бастап KASE-де "Капиталинвест" МҚҰ" ЖШС-нің (Алматы) KZ2P00011166 (KASE
баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFCIb2; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге;
3 жыл; тоқсандық купон, жылдық 22,00%; 30/360) облигацияларымен сауда-
саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес"
бағасының екінші ондық белгісіне дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы
– қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат KASE
интернет-сайтында жарияланған –
https://kase.kz/kz/bonds/show/MFCIb2/
[2024-05-04]