04 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында Occidental Petroleum
Corp. US6745991058 (OXY_KZ) акцияларының сауда-саттығы
тоқтатылды
03.05.24 17:26
/KASE, 03.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
04 мамырынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық
тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу
күні 2024 жылдың 10 маусымына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін,
Occidental Petroleum Corp. (АҚШ) US6745991058 ("KASE Global" секторы,
OXY_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын
хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 10 маусымында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 12 маусымынан
бастап қайта басталады.
[2024-05-03]