04 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында IBM corp.
US4592001014 (IBM_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды
03.05.24 17:15
/KASE, 03.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
04 мамырынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық
тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу
күні 2024 жылдың 10 мамырына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін,
IBM corp. (АҚШ) US4592001014 ("KASE Global" секторы, IBM_KZ) жай
акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 10 мамырында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 13 мамырынан
бастап қайта басталады.
[2024-05-03]