/KASE, 03.05.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "ЛОТТЕ Рахат" АҚ (Алматы) 2024 жылдың 30 сәуірінде
өткен акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында қабылданған
шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.
Акционерлер, сонымен қатар, келесі шешімдер қабылдады:
- компанияның 2023 жылғы аудиттелген шоғырландырылған қаржылық
есептілігін бекіту;
- компанияның 2023 жылғы таза кірісін келесі тәртіппен бөлу:
- 2 610 000 000,00 теңгені компанияның жай акциялары бойынша
дивидендтер төлеуге жұмсау;
- таза кірістің қалған бөлігін бөлмеу және компанияның бөлінбеген
пайдасының шотында қалдыру.
Ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/RAHT/raht_special_shareholders_meeting_results_300424_1085.pdf
[2024-05-03]