/KASE, 02.05.24/ – Осыдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор
биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 30 мамырында
"Капиталинвест" микроқаржы ұйымы" ЖШС-нің (Алматы) KZ2P00011166
облигацияларын (MFCIb2, 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 3 жыл; тоқсандық
купон, жылдық 22,00%; 30/360) KASE ресми тізіміне баламалы алаңның
"облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімі 2024 жылдың 03 мамырынан бастап
күшіне енеді.
KASE-де аталған облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/MFCIb2/
[2024-05-02]