02 мамырдан бастап KASE-де Texas Instruments Inc
US8825081040 (TXN_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
30.04.24 17:20
/KASE, 30.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 02 мамырынан
бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
08 мамырына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Texas Instruments
Inc. (АҚШ) US8825081040 ("KASE Global" секторы, TXN_KZ) жай акцияларымен
KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі
құжатының 11-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың
08 мамырында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді
тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 13 мамырынан
бастап қайта басталады.
[2024-04-30]