/KASE, 30.04.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Эйр Астана" АҚ (Алматы) KASE-ге ұсынған 2024 жылдың
30 сәуіріндегі баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады:
дәйексөздің басы
Негізгі көрсеткіштер
Маусым тұрғысынан әлсіз алғашқы тоқсандағы кірістердің күшті өсуі
- Біржолғы баптарды1 есептемегенде түсім мен өзге де кірістер өткен
жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13,3% -ға өсіп, 264,7 млн.
АҚШ долл. құрады.
- o Біржолғы баптарды1 есептемегенде EBITDAR көрсеткіші өткен
жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,9% өсті және 50,0 млн. АҚШ
долл. құрады.
- ОЖКМ көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда
13,5% -ға өсіп, 3,4 млрд. құрады.
- Біржолғы баптарды1 есептемегенде, ШЖКМ-ға кіріс өткен жылдың
осы кезеңімен салыстырғанда 1,6%-ға азайды және негізінен Air
Astana-мен салыстырғанда ШЖКМ-нің салыстырмалы төмен
көрсеткіші бар FlyArystan авиакомпаниясының өсуі есебінен 6,41
АҚШ центін құрады.
Жаз қарсаңында жолаушылар санының және өткізу қабілетінің одан әрі
өсуі; флотты және бағыттарды өсу стратегиясына сәйкес кеңейту
- Тасымалданған жолаушылардың жалпы саны өткен жылдың осы
кезеңімен салыстырғанда 18,5% -ға өсіп, 1,9 млн адам болды, ал
жүктеудің орташа коэффициенті 81,2% болды.
- ШЖКМ көрсеткіші өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда
15,2%-ға өсті және Air Astana-да 8,5% -ға және FlyArystan- да 35,1%-
ға өсу есебінен 4,1 млрд. болды.
- Топтың паркі осы жылғы қаңтарда Air Astana-ға Airbus A321 NEO
жеткізілгеннен кейін 50 ұшаққа дейін ұлғайды (есепті кезеңнен кейін
FlyArystan-ға Airbus A320neo осы жылғы сәуірде жеткізілгеннен кейін
51).
- FlyArystan 2025 жылдың бірінші тоқсанында жеткізілетін паркті
кеңейту жөніндегі бұрынырақтағы жоспарға қосымша A320ceo тағы
екі ұшақтың лизингі туралы келісім жасасты.
- Жоспарға сәйкес бірінші тоқсанда жазғы шыңдық кезеңде өнімділікті
барынша арттыру үшін қозғалтқыштар бос тұрды.
- Жоғары сұранысқа байланысты шыңдық маусымда кейбір Air Astana
рейстерінің тасымал сыйымдылығын ұлғайту жоспарда ба.
* 1 біржолғы баптар - 2023 жылдың бірінші тоқсанында төтенше
нарықтық оқиғаны (ТНО) туғызған Ресейдегі ішінара мобилизациялаудың
әсері және 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы ІРО шығыстары.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды:
-
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_300424_kz.pdf – қазақ
тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_300424_1.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_300424_en.pdf – ағылшын
тілінде.
[2024-04-30]