АҚШ Қаржы министрлігінің US9128286R69 (US_49_2404) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

30.04.24 09:53
/KASE, 30.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылғы 30 сәуірден бастап АҚШ Қаржы министрлігінің US9128286R69 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US_49_2404; $41 523,0 млн; 30.04.19 – 30.04.24; жарты жылдық купон, жылдық 2,250 %; actual/360) дисконттық халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды. Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына 2023 жылдың 28 сәуірінен бастап енгізілді. Олармен сауда- саттық 2023 жылдың 05 желтоқсанынан бастап ашылды. [2024-04-30]