АҚШ Қаржы министрлігінің US912797JQ12 (US 115_2404) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

30.04.24 09:42
/KASE, 30.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылғы 30 сәуірден бастап АҚШ Қаржы министрлігінің US912797JQ12 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US115_2404; $56 288,0 млн; 02.01.24 – 30.04.24; actual/360) дисконттық халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды. Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына 2024 жылдың 28 ақпанынан бастап енгізілді. Олармен сауда- саттық 2024 жылдың 12 наурызынан бастап ашылды. [2024-04-30]