30 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында Exxon Mobil Corporation
Company, Inc. US30231G1022 (XOM_KZ) акцияларының сауда-саттығы
тоқтатылды
29.04.24 17:43
/KASE, 29.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 30 сәуірiнен
бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
15 мамырына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Exxon Mobil
Corporation (АҚШ) US30231G1022 ("KASE Global" секторы, XOM_KZ) жай
акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 15 мамырында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 17 мамырынан
бастап қайта басталады.
[2024-04-29]