30 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында American Electric Power
Company, Inc. US0255371017 (AEP_KZ) акцияларының сауда-саттығы
тоқтатылды
29.04.24 17:30
/KASE, 29.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 30 сәуірінен
бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
10 мамырына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, American Electric
Power Company, Inc. (АҚШ) US0255371017 ("KASE Global" секторы, AEP_KZ)
жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 10 мамырынада көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 13 мамырынан
бастап қайта басталады.
[2024-04-29]