29 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында Ford Motor Company
US3453708600 (F_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды
29.04.24 09:48
/KASE, 29.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 29 сәуірiнен
бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
08 мамырына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Ford Motor
Company (АҚШ) US3453708600 ("KASE Global" секторы, F_KZ) жай акцияларымен
KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 08 мамырында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 13 мамырынан
бастап қайта басталады.
[2024-04-29]