"Fincraft Resources" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
25.04.24 14:13
/KASE, 25.04.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Fincraft Resources" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың
тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін
ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 30 000 000 000 дана,
артықшылықты акциялар саны – 750 000 000 дана;
- компанияның 12 846 773 954 жай акциялары және 392 649 871 артықшылықты
акциялары орналастырылған;
- компания өзінің 10 445 774 жай акциясын және 2 артықшылықты акциясын кері
сатып алды;
- компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан әрқайсысы бес және
одан аса көлемдегі санына иеленген тұлғалар болып табылады:
-------------------------------------------------------------------------------
Жай акциялар,
----------------------------- Компанияның
орналастырылған
осы атаудағы акцияларының
орналастырылған жалпы санындағы
акцияларды жалпы үлесінің
Атауы дана санындағы үлесі, % барлығы, %
-------------------------- ---------------- ------------------ ----------------
"Fincraft Group" ЖШС 10 121 966 928 78,85 76,45
HEATHPOINT HOLDINGS
LIMITED 1 252 832 583 9,76 9,46
-------------------------------------------------------------------------------
[2024-04-25]