Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS1982112069 (EBRDe5)
халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына
байланысты KASE ресми тізімінен алынып тасталды
25.04.24 09:22
/KASE, 25.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 25 сәуірінен
бастап Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS1982112069
("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EBRDe5;
60,0 млрд теңге, 25.04.19 – 25.04.24; индекстелген жарты жылдық купон,
соңғы купондық кезеңге жылдық 8,927%; actual/360) халықаралық
облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми
тізімінен шығарылғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің" халықаралық қаржы
ұйымдарының бағалы қағаздары " секторына 2019 жылдың 25 сәуірінен
бастап енгізілді. Олармен сауда-саттық 2019 жылдың 13 мамырынан бастап
ашылды.
[2024-04-25]