"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
24.04.24 12:47
/KASE, 24.04.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2024 жылдың
01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 205 484 548 дана;
- компанияның 167 143 548 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті" ММ болып табылады.
[2024-04-24]