/KASE, 22.04.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "ULMUS BESSHOKY (УЛМУС БЕСШОҚЫ)" АҚ (Алматы)
2024 жылдың 20 мамырында сағат 10:00-де келесі күн тәртібімен оның
акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталатынын KASE-ге
хабарлады:
- акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту
туралы;
- қоғамның жарғысына өзгерістер енгізу туралы;
- қоғам акцияларының жарияланған саны шегінде қоғам акцияларын
орналастыру тәсілі мен бағасы туралы шешім қабылдау туралы.
Жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында орналастырылды
–
https://kase.kz/files/emitters/ULBS/ulbs_special_shareholders_meeting_info_200524_38.pdf
[2024-04-22]