"Halyk Finance "АҚ"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ еурооблигацияларын
орналастыру бойынша мәмілелердің сәтті аяқталғаны туралы
хабарлады
16.04.24 18:49
/KASE, 16.04.24/ – "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk
Finance" АҚ (Алматы, тақырыпта және бұдан әрі – "Halyk Finance" АҚ)
бірлескен букраннер ретінде бүгін Қазақстан қор биржасына (KASE)
мынадай мазмұндағы хабарлама ұсынды:
дәйексөздің басы
Halyk Finance хабарлайды: орта мерзімді ноталар шығару бағдарламасы
шеңберінде "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (бұдан әрі – "ҚДБ")
еурооблигациялардың екі шығарылымын орналастырды: АҚШ долларымен
номинацияланған сомасы $500 млн 3 жылдық еурооблигациялар және
теңгемен номинацияланған сомасы 100 млрд теңге 3 жылдық
еурооблигациялар. Бұл ретте теңгелік шығарылым қазақстандық эмитент
орналастырған орнықты даму еурооблигацияларының дебюттік
шығарылымы болып табылады. Бұл мәмілелер ҚДБ-ның өз міндеттемелерін
басқару жөніндегі іс-шаралар кешенінің бөлігі болып табылады, ол сондай-
ақ 2025 жылы өтеу мерзімімен теңгемен және АҚШ долларымен
номинацияланған, бұрын шығарылған ҚДБ еурооблигацияларының екі
траншын сатып алу жөніндегі тендерлік ұсынысты қамтиды.
Halyk Finance осы еурооблигацияларды шығару және орналастыру
мәмілелері бойынша бірлескен жетекші менеджер және букраннер ретінде
әрекет етті.
ҚДБ еурооблигацияларын сатып алуға өтінімдерді жинау 2024 жылдың
4 сәуірінде өтті. Қазақстан Республикасының аумағында өтінімдерді жинау
"Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – KASE) жазылу арқылы жүргізілді.
Өтінімдер кітабын ашқан кезде өтеуге индикативтік кірістілік теңгедегі
еурооблигациялар үшін жылдық 13,25 % -13,50 % диапазонында және АҚШ
долларындағы еурооблигациялар үшін жылдық 5,875 % деңгейінде
белгіленді. Өтінімдерді жинау барысында халықаралық және қазақстандық
инвесторлар тарапынан жоғары сұраныс байқалды. Инвесторлар тарапынан
сұраныс еурооблигациялардың әрбір шығарылымы бойынша ұсыныстан
2 есе асып түсті. Нәтижесінде ҚДБ өтеуге кірістілігі 13,25 % және купондық
мөлшерлемесі 13,0 % болатын теңгемен номинацияланған
еурооблигацияларды, ал АҚШ долларымен номинацияланған
еурооблигацияларды өтеуге кірістілігі 5,6 % және купондық мөлшерлемесі
5,5 % деңгейінде орналастырды.
Екі шығарылымды орналастыруға әлемнің түкпір-түкпірінен 100-ден астам
инвестор қатысты. Теңгелік еурооблигацияларды сатып алуға өтінімдердің
жаһандық кітабында халықаралық инвесторлардың өтінімдері сұраныстың
87 %-дан астамын, ал доллар бойынша – 88% қамтамасыз етті. Мәмілелер
бойынша есеп айырысулар 2024 жылдың 15 сәуірінде жүргізілді.
ҚДБ еурооблигацияларын теңгемен және АҚШ долларымен орналастыру
қорытындысы бойынша оларды KASE-ге жазылу арқылы берген
инвесторлардың өтінімдері 13,2 млрд теңге көлемінде және 61 млн АҚШ
доллары көлемінде қанағаттандырылды. Бұл ретте KASE арқылы берілген
теңгедегі және АҚШ долларындағы ҚДБ еурооблигациялары бойынша
қанағаттандырылған өтінімдер көлеміндегі үлесі тиісінше 13 % және 12 %
құрады.
"ҚДБ еурооблигацияларын табысты орналастыру халықаралық
инвесторлардың қазақстандық эмитенттердің бағалы қағаздарына, оның
ішінде теңгеде көрсетілген облигацияларға үлкен қызығушылығы бар екенін
көрсетті. Бұл мәмілелер біздің нарық үшін өте маңызды мәнге ие және
қазақстандық эмитенттердің облигацияларды теңгемен де, АҚШ
долларымен де орналастыруы үшін бэнчмарк болады", - деп түсіндірді Halyk
Finance Басқарма төрағасының орынбасары Роман Асильбеков.
Еурооблигациялар листингі KASE және Вена қор биржасында (Vienna MTF)
жүзеге асырылды.
дәйексөздің соңы
[2024-04-16]