/KASE, 15.04.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Эйр Астана" АҚ (Алматы) KASE-ге ұсынған 2024 жылдың
15 сәуіріндегі баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады:
дәйексөздің басы
Түсім мен флоттың көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказ өңіріндегі
әуекомпаниялардың ірі тобы "Эйр Астана" акционерлік қоғамы Alpitour
тобына кіретін кіретін әрі екінші итальяндық әуекомпания саналатын (бұдан
әрі "Тараптар") өзара түсіністік, стратегиялық әріптестік туралы
меморандумға қол қойды.
Стратегиялық әріптестік ынтымақтастықтың бірнеше бағыттарын қамтиды.
- Код-шеринг туралы келісім, оның шеңберінде "Эйр Астана" Neos
компаниясы орындайтын рейстерде, Милан Мальпенса (MXP) мен
Алматы (ALA) арасында және кері бағытта маркетингтік кодты
қолданатын болады.
- "Эйр Астана" тобы үш Boeing 787-900 ұшағын алатын 2025 жылдан
бастап Boeing ұшақтарына қызмет көрсету бойынша ынтымақтастық.
Мүмкін болған жерде Тараптар Neos компаниясының ұшақтарын
ағымдағы пайдалану және "Эйр Астана" ұшақтарын пайдалануға беру
барысында алынған техникалық және пайдалану білімдерімен
алмасатын болады.
- Тараптар, егер бұған нормативтiк, монополияға қарсы және үкiметтiк
органдар мүмкiндiк берсе, Италия мен Қазақстан арасындағы бағыт
(тар) үшiн бiрлескен кәсiпорын құру мүмкiндiгiн қарастырады және
бағалайды.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұқсқасы орналастырылды:
-
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_150424_kz.pdf – қазақ
тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_150424_-.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_150424_en.pdf – ағылшын
тілінде.
[2024-04-15]