15 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында Caterpillar US1491231015
(CAT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
15.04.24 09:28
/KASE, 15.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 15 сәуірiнен
бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
22 сәуірiнде және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Caterpillar (АҚШ)
US1491231015 ("KASE Global" секторы, CAT_KZ) жай акцияларымен KASE-де
сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 22 сәуірде көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 24 сәуірiнен
бастап қайта басталады.
[2024-04-15]