/KASE, 08.04.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Тойота Файнаншл Сервисез Казахстан "МҚҰ" ЖШС (Алматы)
компанияның 2023 жылғы қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есебін
KASE-ге ұсынды.
2023 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес
(егер өзгеше көрсетілмесе, мың теңгемен):
-----------------------------------------------
Көрсеткіш 31.12.23 31.12.22
----------------------- ----------- -----------
Меншікті капитал 28 693 201 23 412 865
Жиынтық активтер 186 230 420 153 198 606
Жиынтық міндеттемелер 157 537 219 129 785 741
Таза пайда (таза шығын) 5 280 336 7 405 826
ROA, % 2,84 4,83
ROE, % 18,40 31,63
-----------------------------------------------
Компанияның 2023 жылғы қаржылық есептілігінің аудитін "ПрайсуотерхаусКуперс" ЖШС
жүргізді. Аудиторлық қорытындыға сәйкес қаржылық есептілік 2023 жылдың
31 желтоқсанындағы жағдай бойынша "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ"
ЖШС-нің қаржылық жағдайын, сондай-ақ оның қаржылық нәтижелері мен ҚЕХС-ға сәйкес
көрсетілген күні аяқталған жылдағы ақша қаражатының қозғалысын барлық маңызды
қатынастарда анық көрсетеді.
Есеп KASE интернет-сайтында жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/MFTF/mftff6_2023_rus.pdf
[2024-04-08]