04 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында AT&T Inc. US00206R1023
(T_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды
03.04.24 17:16
/KASE, 03.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 04 сәуірiнен
бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
10 сәуірiне және одан кейінгі күндерге келетін, AT&T Inc. (АҚШ)US00206R1023
("KASE Global" секторы, T_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылғанын
KASE-де хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 10 сәуірiнде көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 12 сәуірiнен
бастап қайта басталады.
[2024-04-03]