/KACC, 29.03.24/ – KASE клиринг орталығы (KACC) Басқармасының
шешімімен 2024 жылдың 02 сәуірінен бастап GCGlobalSec қатысудың
клирингілік сертификаты (ҚКС) шығарылымының General мүліктік пулының
құрамына қабылданатын қаржы құралдарының тізбесінен қор нарығының 48
атауы: екі атаудағы туынды бағалы қағаздар, инвестициялық қордың бағалы
қағаздары, тоғыз атаудағы акциялар және "KASE Global" секторының
шетелдік эмитенттері акцияларының 36 атауы шығарылады.
GCGlobalSec ҚКС мүліктік пулының құрамына қабылданатын қаржы
құралдарының жаңартылған тізбесі 2024 жылдың 02 сәуірінде келесі
сілтеме бойынша жарияланады
https://kase.kz/kz/repo/
[2024-03-29]