/KASE, 28.03.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың
өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына
сәйкес KASE-де айналысқа жіберілгендер қатарынан 2024 жылдың сәуір
айына арналған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы
акциялардың, депозитарлық қолхаттардың және инвестициялық қорлардың
бағалы қағаздарының тізімдерін (бұдан әрі – Бағалы қағаздардың тізімдері)
қалыптастырды.
Бағалы қағаздардың тізімдері Индекстер мен индикаторлар жөніндегі
комитеттің 2024 жылдың 26 наурызындағы шешімімен бекітілді және ондағы
бағалы қағаздарға қатысты KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану
мақсатында қалыптастырылды.
2024 жылдың 01-30 сәуірі аралығында қолданылатын өтімділіктің бірінші
кластағы бағалы қағаздар тізіміне 59 атаудағы бағалы қағаздар енгізілді.
2024 жылдың наурыз айында қалыптастырылған өтімділіктің бірінші
кластағы бағалы қағаздардың қолданыстағы тізімімен салыстырғанда тізімге
мыналар кірді:
1) "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы "Еурооблигациялар қоры"
интервалдық инвестициялық пай қорының (ИИПҚ) KZPF00000025
("инвестициялық қорлдардың бағалы қағаздары" секторы, CSECfe)
пайлары;
2) Exxon Mobil Corporation US30231G1022 ("KASE Global" секторы,
XOM_KZ) жай акциялары;
3) Amazon.com, Inc. US0231351067 ("KASE Global" секторы, AMZN_KZ)
жай акциялары;
4) Occidental Petroleum Corp. US6745991058 ("KASE Global" секторы,
OXY_KZ) жай акциялары;
5) iShares iBoxx $ Investment Grade Corporate Bond ETF US4642872422
("KASE Global" секторы, LQD_KZ) ETF бағалы қағаздары;
6) iShares 10+ Year Investment Grade Corporate Bond ETF US4642895118
("KASE Global" секторы, IGLB_KZ) ETF бағалы қағаздары.
2024 жылдың наурыз айына қалыптастырылған өтімділіктің бірінші
класының тізімінен iShares MSCI France ETF US4642867075 ("KASE Global"
секторы, EWQ_KZ) ETF бағалы қағаздары шығарылды.
Өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының 2024 жылдың сәуір
айына қалыптастырылған бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-
ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2024_apr.pdf
Өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының 2024 жылдың наурыз
айына қалыптастырылған бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-
ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2024_mar.pdf
Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі мына
сілтеме бойынша жарияланды
http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf
[2024-03-28]