28 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында US5951121038 (MU_KZ)
Micron Technology, Inc. жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды
27.03.24 17:37
/KASE, 27.03.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 28 наурызынан
бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
01 сәуiрiне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Micron Technology,
Inc. (АҚШ) US5951121038 ("KASE Global" секторы, MU_KZ) жай акцияларымен
KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 01 сәуiрiнде көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 03 сәуiрiнен
бастап қайта басталады.
[2024-03-27]