/KASE, 15.03.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Эйр Астана" АҚ (Алматы) KASE-ге келесі ақпарат берілген
2024 жылдың 27 наурызындағы баспасөз мәлімдемесін ұсынды:
дәйексөздің басталуы
Табыс пен флот бойынша Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы əуекомпаниялардың
ең ірі тобы "Эйр Астана" акционерлік қоғамы ("Компания" жəне FlyArystan
еншілес компаниясымен бірге "Топ") Pratt&Whitney компаниясымен GTF neo
қозғалтқыштарының қолжетімділігіне қатысты Топ қызметіне əсер еткен мəселелер
бойынша өтемақы жəне басқа да қолдау алу туралы келісімге қол жеткізілгенін
қуана хабарлайды. Топтың Pratt & Whitney-мен келісімі, оның ішінде ұзақ мерзімді
техникалық қызмет көрсету келісімшарттары шығындар мəселесін шешуге көмектеседі
жəне осы мəселелерді тұрақты шешуге бағытталған Топтың сенімді операциялық
бастамаларының ауқымын толықтырады.
Топ сонымен қатар IAE компаниясымен алтыншы қосалқы PW1100 қозғалтқышын
сатып алу туралы келісімге отырды. Бұл қозғалтқышты жеткізу Топтың қозғалтқыш
ақауларын азайту жоспарына сəйкес 2024 жылдың сəуір айына жоспарланған.
Əуе кемелері паркін дамытудың бұрын жарияланған жоспарына қосымша, FlyArystan
2025 жылдың бірінші тоқсанында жеткізу шартымен екі A320ceo ұшағын жалға алу
туралы келісімге отырды.
дәйексөздің аяқталуы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы мына сілтемелер бойынша
жарияланды:
-
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_270324_kz.pdf – қазақ
тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_270324.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_270324_en.pdf – ағылшын
тілінде.
[2024-03-27]