19 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында Microsoft Corporation
US5949181045 (MSFT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық
тоқтатылады
19.03.24 09:10
/KASE, 19.03.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 19 наурызынан
бастап орталық, контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
16 мамырына және одан кейінгі күндерге келетін Microsoft Corporation
(АҚШ) US5949181045 ("KASE Global" секторы, MSFT_KZ) жай акцияларымен
сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 16 мамырында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 20 мамырынан
бастап қайта басталады.
[2024-03-19]