"ТССП Групп" ЖШС KZ2P00009061 (TSSPb3) облигациялары бойынша
бiрiншi купонның төленгені туралы хабарлады
11.03.24 11:18
/KASE, 11.03.24/ – "ТССП Групп" ЖШС (Астана) Қазақстан қор биржасына
(KASE) 2024 жылдың 05 наурызында өзінің KZ2P00009061 (KASE баламалы
алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, TSSPb3) облигациялары
бойынша бiрiншi купондық сыйақы төленгені туралы хабарлады.
Аталған хабарламаға сәйкес аталған сыйақы 15 857 150 теңге сомасында
төленді.
[2024-03-11]