/KASE, 07.03.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Басқармасы 2024 жылдың 05 наурызында JET Group Ltd. Жеке
компаниясының (Астана) KZX000001870 (JETGe1; 3,0 млрд теңге; 21.12.23 –
21.12.26; тоқсандық купон, жылдық 20,75 %; 30/360) облигацияларын
баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне
қосу туралы шешім қабылдады.
Басқарманың бұл шешімі 2024 жылдың 07 наурызынан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялар "Астана" халықаралық қаржы орталығының
қолданыстағы заңнамасына сәйкес шығарылды.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/JETGe1/
[2024-03-07]