KASE Басқармасы JET Group Ltd. жеке компаниясының KZX000001870
(JETGe1) облигацияларын баламалы алаңның "облигациялар" санаты
бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады
06.03.24 10:54
/KASE, 06.03.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы
2024 жылдың 05 наурызында JET Group Ltd. (Астана) жеке компаниясының
KZX000001870 (3,0 млрд теңге; 21.12.23 – 21.12.26; тоқсандық купон,
жылдық 20,75 %; 30/360) облигацияларын баламалы алаңның
"облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім
қабылдады.
Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын
болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға JETGe1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
JET Group Ltd. жеке компаниясының негізгі қызметі – холдингтік
компаниялардың қызметі.
Аталған облигациялар "Астана" халықаралық қаржы орталығының
қолданыстағы заңнамасына сәйкес шығарылды.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Басқарманың осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында
жарияланатын болады.
[2024-03-06]