05 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында Verizon
Communications Inc. US92343V1044 (VZ_KZ) жай акцияларымен сауда-
саттық тоқтатылады
05.03.24 09:45
/KASE, 05.03.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 05 наурызынан
бастап бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
10 сәуiрiне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Verizon Communications
Inc. (АҚШ) US92343V1044 ("KASE Global" секторы, VZ_KZ) жай акцияларымен
KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 10 сәуiрiнде көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың
болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 12 сәуiрiнен
бастап қайта басталады.
[2024-03-05]