05 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында SALESFORCE.COM Inc
US79466L3024 (CRM_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды
05.03.24 09:33
/KASE, 05.03.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 05 наурызынан
бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
14 наурызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, SALESFORCE.COM Inc
US79466L3024 ("KASE Global" секторы, CRM_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-
саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 14 наурызында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың
болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 18 наурызынан
бастап қайта басталады.
[2024-03-05]