28 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Macy's US55616P1049
(M_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды
28.02.24 09:17
/KASE, 28.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 28 ақпанынан
бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
15 наурызына және одан кейінгі күндерге келетін Macy's (АҚШ) US55616P1049
("KASE Global" секторы, M_KZ) жай акцияларымен сауда-саттықтың
тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 15 наурызында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 18 наурызынан
бастап қайта басталады.
[2024-02-28]