KASE ӨТІМДІЛІКТІҢ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ 2024 ЖЫЛДЫҢ НАУРЫЗ АЙЫНА АРНАЛҒАН ТІЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

27.02.24 12:19
/KASE, 27.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына сәйкес KASE-де айналысқа жіберілгендер қатарынан 2024 жылдың наурыз айына арналған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы акциялардың, депозитарлық қолхаттардың және инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының тізімдерін (бұдан әрі – бағалы қағаздардың тізімдері) қалыптастырды. Бағалы қағаздардың тізімдері индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеттің 2023 жылдың 23 ақпанындағы шешімімен бекітілді және ондағы бағалы қағаздарға қатысты KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану мақсатында қалыптастырылды. 2024 жылдың 01-31 наурызы аралығында қолданылатын өтімділіктің бірінші кластағы бағалы қағаздар тізіміне 54 атаудағы бағалы қағаздар енгізілді. 2024 жылдың ақпанына қалыптастырылған өтімділіктің бірінші кластағы бағалы қағаздардың қолданыстағы тізімімен салыстырғанда тізімге мыналар кірді: 1) "Эйр Астана" АҚ KZ1C00004050 жай акциялары (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, AIRA); 2) "Teniz Capital Investment Banking" АҚ KZ1C00000256 жай акциялары (KASE балама алаңы, "акциялар" секторы, IFDR); 3) "Фридом Финанс" АҚ басқаруындағы "GoodWill KZT" ИИП) KZPF00000090 пайлары ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FFINgw); 4) Microsoft Корпорациясының US5949181045 жай акциялары ("KASE Global" секторы, MSFT_KZ); 5) Starbucks Corporation US8552441094 жай акциялары ("KASE Global" секторы, SBUX_KZ). Өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының 2024 жылдың наурыз айына қалыптастырылған бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет- ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2024_mar.pdf Өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының 2023 жылдың ақпан айына қалыптастырылған бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет- ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2024_feb.pdf Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі мына сілтеме бойынша жарияланды http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf [2024-02-27]