27 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Newmont Corp.
US6516391066 (NEM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
27.02.24 10:15
/KASE, 27.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 27 ақпанынан
бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
05 наурызына және одан кейінгі күндерге келетін Newmont Corp. (АҚШ)
US6516391066 (сектор "KASE Global", NEM_KZ) жай акциялармен сауда-
саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 05 наурызында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 07 наурызынан
бастап қайта басталады.
[2024-02-27]