/KASE, 26.02.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Магистральдық Суағызғысы" ЖШС (Атырау) KASE-ге
ұсынған баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады:
дәйексөздің басы
"Магистральдық Суағызғысы" ЖШС осымен Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің
Атырау облысы бойынша департаментінің (әрі қарай – ТМРКД) 2024 жылғы
15 ақпандадағы №9-ОД бұйрығымен ТМРКД-ның "Магистральдық
Суағызғысы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2022-2027 жылдарға
магистральдық құбырлар бойынша реттеліп көрсетілетін су беру қызметіне
тарифтерді және тарифтік сметасын бекіту туралы 2022 жылғы
19 тамыздағы №74-ОД бұйрығына 2024 жылғы 01 наурыздан бастап
қолданысқа енгізілетін өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.
- халық, бюджеттік және коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ халыққа,
бюджеттік және коммерциялық емес ұйымдарға коммуналдық қызмет
көрсететін басқа да кәсіпорындар үшін – 18,04 теңге/м3;
- ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін – 64,98 теңге/м3;
- өнеркәсіптік кәсіпорындар және басқа коммерциялық ұйымдар үшін –
683,75 теңге/м3;
- мұнай-газ өндіруші кәсіпорындар үшін – 2 044,51 теңге/м3.
Осыған байланысты орташа тариф 1 текше метр су үшін 626,66 теңгеден
683,75 теңгеге өзгеріп, 57,09 теңгеге өсті, ол 9,1% құрайды.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі толық
нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/MVDO/mvdo_relizs_230224.pdf
[2024-02-26]