26 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында NVIDIA Corp.
US67066G1040 (NVDA_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық
тоқтатылды.
26.02.24 09:40
/KASE, 26.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 26 ақпанынан
бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
06 наурызына және одан кейінгі күндерге келетін NVIDIA Corp. (АҚШ)
US67066G1040 ("KASE Global" секторы, NVDA_KZ) жай акцияларымен
KASEсауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 06 наурызында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 11 наурызынан
бастап қайта басталады.
[2024-02-26]