29 ақпанда "KASE Global" секторында бағалы қағаздармен сауда-
саттық AST 17:30-ға дейін өткізілетін болады
23.02.24 16:35
/KASE, 23.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
29 ақпанында "KASE Global" секторында шетелдік эмитенттердің бағалы
қағаздарымен үздіксіз қарсы аукцион әдісімен сауда-саттық, "Қазақстан
Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы "Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың 23 қарашасындағы № 1749
қаулысына өзгерістер енгізу туралы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2024 жылдың 19 қаңтарындағы № 20 қаулысына сәйкес 2024 жылдың
01 наурызында сағат 00:00-ден Қазақстанның бірыңғай уақытқа ауысуына
байланысты Астана қ. уақытымен (AST) сағат 11:30-дан 17:30-ға дейін
өткізілетінін хабарлайды.
[2024-02-23]