KASE Листингілік комиссиясы "ФРИДОМ ФИНАНС Кредит"
Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00010978 (MFFKpp1) облигацияларын
"Жеке орналастыру" алаңына KASE ресми тізіміне енгізу туралы
шешім қабылдады
21.02.24 15:14
/KASE, 21.02.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2024 жылдың 21 ақпанында "ФРИДОМ ФИНАНС Кредит"
Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) KZ2P00010978 (1 000 теңге;
5,0 млрд теңге; 5 жыл; жылдық купон, жылдық 0,001%; 30/360)
облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңына KASE ресми тізіміне енгізу
туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға MFFKpp1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2024-02-21]