20 ақпаннан бастап KASE-де төрт атаудағы ETF бағалы қағаздарымен
сауда-саттық уақытша тоқтатылды
20.02.24 09:14
/KASE, 20.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 20
ақпанынан бастап KASE-де репо операциялары бойынша келесі ETF
бағалы қағаздары бойынша сауда-саттық уақытша тоқтатылатынын
хабарлады, аталған бағалы қағаздар бойынша KASE орталық контрагент
қызметін жүзеге асырады және олар бойынша есеп айырысу күні 2024
жылдың 04 наурызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келеді:
1) US4642885135 ("KASE Global" сектор, HYG_KZ) iShares iBoxx $ High
Yield Corporate Bond ETF;
2) US4642872422 ("KASE Global" секторы, LQD_KZ) iShares iBoxx $
Investment Grade Corporate Bond ETF;
3) US74347G4405 ("KASE Global" секторы, BITO_KZ) ProShares Bitcoin
Strategy ETF.
4) 1)US4642895118 ("KASE Global" секторы, IGLB_KZ) iShares 10+ Year
Investment Grade Corporate Bond ETF.
Сауда-саттық KASE-нің ішкі құжаты "Биржалық қызметті жүзеге асыру
қағидасының" 11-2 бабының 10) тармағына сәйкес KASE-де 2024 жылдың
04 наурызында аталған бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін
тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатылды.
Көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2024 жылдың 06 наурызынан
басталады.
[2024-02-20]