20 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында The Coca-Cola Company
US1912161007 (KO_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды
19.02.24 18:02
/KASE, 19.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 20 ақпанынан
бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
15 наурызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, The Coca-Cola
Company (АҚШ) US1912161007 ("KASE Global" секторы, (KO_KZ) жай
акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 15 наурызында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 18 наурызынан
бастап қайта басталады.
[2024-02-19]